ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір адам опат болды

293
көрілім

Әлеуметтік желіде жүйкесі әлсіз адамдарға көруге болмайтын бейнеролик тарауда. Бейнематериалда бір адам қаза болып, екі адамның ауыр жарақаттанғандығын көруге болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма ауылында болған.
– «Lexus» маркалы көлікті тізгіндеген 33 жастағы әйел басты жолға шығарда мотоциклге жол бермеген. Нәтижесінде 32 жастағы мотоцикл жүргізушісі сол жерде жантәсілім етті. Жолаушыларды түрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізді, – деді департаменттің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.
Қазіргі уақытта көлік жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.