ШҚО-да жарылыс жұмыстары кезінде екі кенші көз жұмды

391
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірдегі KAZ Minerals Тобы «Шығыстүстімет» ЖШС-не қарасты Орлов өндірістік кешенінің шахтасында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

16 маусым сағат 22:00 шамасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде Орлов шахтасының екі жұмысшысы қаза болған. Тағы бір зардап шеккен адам медициналық тексеру жүргізу үшін Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді.

– Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетілетін болады, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.