ШҚО-да «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары ант қабылдады

902
көрілім

Жылдағы игі дәстүрге сай Алтай қаласындағы №8 орта мектептің оқушылары «Жас Сарбаз» сыныбына қабылданып,өз елінің патриоты болуға әзір екендіктерін салтанатты түрде мәлімдеді. «Жас Сарбаз» қатарына іліккен бозбала жан-жақты, саяси тұрғыдан сауатты,өзгелерге үлгі болуы тиіс. Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы ортаға шығарылып, әнұран орындалды.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі мәліметінше, бұдан кейін жиынның ең жауапты сәті, ант қабылдау рәсімі өтті. «Жас Сарбаз» ұйымы қатарына қабылданушы оқушылары ортаға шығып, оларға арнайы куәліктері берілді.

 Жас өрендер мектеп қабырғасында алған машық-дағдыларын, игерген саптық амалдары мен дефилесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

– «Мен үшін бүгін қуанышты әрі жауапты күн.Бұдан былай мен өз қатарластарыма сабақтада, мектептен тыс уақытта да үлгі болуым керек. Өз елімнің нағыз патриоты болуға салтанатты түрде ант етемін,  дейді жас сарбаз Аниев Санжар.

Алтай қаласындағы №8 ортамектебінде қазіргі таңда «Жас Сарбаз» сыныбы жемісті жұмыс істеп келеді. Мұнда болашақта Отан қорғаушылар қатарын толтыратын, келешегін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін балалар тәлім алып жатыр.

- « Жас сарбаздар осы уақыттан бастап жүктелген міндет пен тапсырмаларды мүлтіксіз орындауды, сабақтарын жақсы оқулары тиіс. Мектебімізде құрылған мұндай сынып әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейтуге бағытталған.»- дейді сынып жетекшісі Құнанбаев Бекзат.

Шара соңы концерттік бағдарламамен игі жалғасын тапты.