ШҚО-да жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны азаймай тұр

282
көрілім

Бұл туралы ШҚО Прокурорының төрағалық етуімен өткен үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Прокуратураның мәліметінше, уәкілетті органдардың кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық жасауына байланысты қабылдаған алдын алу шаралары нәтиже бермеуде. Тиісті ведомствалардың жоспарларында кемшіліктер бар.
– Өскемендік полиция органдарына жүргізілген тексеріс барысында ведомствода 125 (183 кәмелетке толмағандар) тұрмысы нашар отбасы тіркелгені анықталған, ал білім беру мекемелерінде олардың саны 89 (175 кәмелетке толмағандар). Басқа жағдайда есепке 107 (185 кәмелетке толмағандар) отбасы алынбай қалған, оларды прокуратура Үржар, Катонқарағай, Шемонаиха, Абай және Күршім аудандарында аталған кемшіліктерді анықтаған. Сонымен бірге, дәл осы отбасыларда көбінесе зорлық-зомбылық фактілері орын алады, – деп хабарлады құзыретті орган мамандары.
Облыстық Прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты барлығы 79 қылмыс жасалған. Өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда төмендеу байқалады. Алайда, соңғы үш жылдың динамикасы осы санаттағы қылмыстардың тұрақты өсуін көрсетеді.
Статистикалық деректер бойынша аймақта жасөспірімдер қылмысының 21,3%-ға өскені байқалады. Көбі ұрлық, тонау және автокөліктерді айдап кету қылмыстары.