ШҚО-да жаяу бұрқасын соғады

391
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, бірқатар аймақтарда қар жауады, жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте, шығыста, орталықта – бұрқасын күтіледі.

Тек оңтүстікте, солтүстік-шығыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталмақ.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады деп болжауда.