ШҚО-да жаз айларында жеті адам суға батқан

348
көрілім

Қыркүйек айының 1-нде суға түсу  маусымы ресми түрде жабылды. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен жиында жауапты тұлғалар жан-жақты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Руслан Орынбековтың айтуынша, қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында тиісті шаралар уақтылы жүргізілген.
- Мамандар жаз кезінде 14 адамды құтқарды, оның екеуі балалар. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлермен бірлесе, күнделікті рейд шараларын жүргізді. Нақты айтсақ, 2340 рейд. Одан бөлек, 302 тыйым салу және ескерту белгілері қойылды. Жаз айларында жеті адам суға батты. Статистика көрсеткендей, қайғылы жағдайдың көбі өз әлеуетін асыра бағалау, судағы қауіпсіздікті сақтамау сияқты адамдардың өз ағаттығынан болған, - деді Руслан Орынбеков.