ШҚО-да жаз басталғалы 7 орман өрті тіркелді

142
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қазір облыс аумағында «Орман» жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Өрттің ең қауіпті кезеңінде 7 оқиға тіркелген, жалпы жалын шарпыған аумақ 0,3 гектарды құрады. Қазір тілсіз жаудың алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Азаматтарға қауіпті маусымда қауіпсіздік ережелерін таныстырып, табиғи өрттің болу қаупі туралы нұсқаулық берілді. 
- Жаз басталғалы 32 тәртіп бұзушылық тіркеліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ жаздың ыстық күндері ормандарға баруға тыйым салынғанын естен шығармау қажет, - делінген ақпаратта.