ШҚО-да жаздың басынан бері 11 адам суға кетті

348
көрілім
Шартты фотосурет

Аймақта жаз басталғалы бері 11 адам суға батқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Тимур Дидахметов мәлімдеді.

– Маусым айының басынан бері 11 адам суға батқан. Оның ішінде 1 бала бар. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік жоспары әзірленген. Соның аясында шомылу маусымы басталғалы бері 252 рейд жүргізілді. Нәтижесінде заңбұзушылыққа жол берген 5 адам жауапкершілікке тартылды, - дейді ол.

Оның айтуынша, Үржар ауданындағы Алакөл жағалауында құтқарушылар бекеті құрылды. Ондағы мамандар барлық қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, өңірде суға түсуге рұқсат берілген 180 жағажай бар.