ШҚО-да жедел жәрдем фельдшері науқасқа трактормен барды

351
көрілім

Бородулиха ауданының тұрғыны дәрігерге қызметтік міндетін адал атқарғандары үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Семей қаласы жедел медициналық қызмет станциясының Жаңа Шүлбі ауылында болған жағдайды айтып берді.

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел жәрдем көлігі науқастың мекенжайына жете алмағандықтан «Лазарев» ЖШС жүргізушісі Иван Позняков фельдшерді науқастың үйіне трактормен жеткізген, - деп хабарлайды «Жедел жәрдем» медициналық қызметінің баспасөз қызметі. - Жәдел жәрдем қызметі демікпемен ауыратын баланың жағдайына бола шақырылған болатын.

Жаңа Шульба тұрғыны Кристина Белендир фельдшер Ольга Чукурова мен жүргізуші Иван Позняковқа алғысын білдірді.

- Дәл осындай мейірімді және жанашыр жандарға үлкен алғысымды білдіремін, - дейді ауыл тұрғыны.