ШҚО-да жел екпіні күшейеді

733
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында желдің 15-20 м/с-қа күшеюі ықтимал.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, орталығында бұршақ, күндіз облыстың оңтүстігінде – шаңды дауыл, облыстың басым бөлігінде – желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.