ШҚО-да жел екпіні күшейеді

297
көрілім

Бүгін республиканың басым бөлігіне Карск аймақтарынан келетін циклон әсер етеді. Соның салдарынан кей өңірлерде найзағай түсіп, солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, республиканың бірқатар аумағында екпінді жел тұрып, дауыл соғады. Түнде және таңғы уақытта еліміздің солтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде тұман түсуі күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерде дауыл тұрып, желдің күші 25 м/с дейін артуы мүмкін, Бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жел екпіні 15-20 м/с артады деп күтілуде.