ШҚО-да жел екпіні күшейеді

426
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз батыста, солтүстікте жел 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжанады. Түнде облыстың шығысында найзағай болады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с екпінмен жел соғып, күндіз өңірдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.