ШҚО-да жел екпіні күшейеді

306
көрілім

Бүгін еліміздің басым бөлігінің ауа райын Карск аймағынан келетін циклон анықтайды. Солтүстікте қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
15-20 м/с дейін жел күшейіп, дауыл, бұршақ болжанады. Еліміздің солтүстік-батысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, синоптиктер мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.