ШҚО-да жел екпіні күшейеді

306
көрілім
Шартты фотосурет

Алдағы екі күннің ауа райы болжамына сүйенсек еліміздің шығыс, солтүстік-шығыс аймақтарында жел екпіні күшейіп, кей аудандарында өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта еліміздің шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында жел күшейіп, бірқатар аумақтарында өрт қаупі сақталады.