ШҚО-да жел екпіні күшейеді

321
көрілім

Бүгін еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Күндіз республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауады. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ақмола облысында көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.

Бұдан бөлек, мамандар Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжауда.