ШҚО-да жел екпіні күшейеді

327
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздегі өңірлердің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жел жылдамдығы күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қостанай облысында кей жерлерде күн күркіреп, түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде желдің күші 18 м/с жетеді.

ШҚО, Алматы облыстарында күн күркіреп, найзағай түсуі ықтимал.

СҚО-да түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілсе, Павлодар облысының оңтүстігінде күн күркіреуі мүмкін.