ШҚО-да жел екпіні күшейеді

295
көрілім

Ел аумағының басым бөлігінде ауа райына Салехард аймағынан келетін циклон әсер етіп, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
 Синоптиктер болжамынша, республиканың кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Одан бөлек, ШҚО-да  күндіз жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.