ШҚО-да жел екпіні күшейеді

296
көрілім
Шартты фотосурет

Фронталдық бөліктердің ықпалымен елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасымен күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.