ШҚО-да жел екпіні күшейеді

315
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің басым бөлігінде жоғары қысым аумағы жауын-шашынсыз ауа райын сақтаса, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарына жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, Павлодар облысында көктайғақ болады деп күтілуде.

Синоптиктер күндіз ШҚО-ның кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді деп болжауда.