ШҚО-да жел екпіні күшейеді

312
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандар болжағандай, еліміздегі бірқатар өңірлерде жаңбыр жауады. Кей аймақтарда жел күшейіп, тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-22 м/с артып, дауыл соғуы күтіледі. Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жел екпіні 15-23 м/с күшейіп, бірқатар өңірлерінде аспанды ала бұлт торлауы мүмкін.

Сондай-ақ синоптиктер ШҚО-ның бірқатар өңірлерінде өрт қаупі сақталады деп болжауда.