ШҚО-да жел екпіні күшейеді

343
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің солтүстік өңірлерінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұруы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшіс "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Бірқатар облыста ыстық ауа райы сақталады. Кей өңірде желдің күшеюі күтіліп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін,деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл соғуы күтіліп, бұршақ жаууы ықтимал.

Синоптиктер ШҚО, СҚО-ның кей жерлерінде күндіз жел екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжауда.

Ақмола мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, жел жылдамдығы 15-23 м/с күшейеді деп күтіледі.