ШҚО-да жел екпіні күшейеді

307
көрілім

Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн ашық, тек батыста және оңтүстікте атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер болжауынша, бүгін республиканың кей жерлерінде жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соқса, Шығыста түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, Жамбыл, Түркістан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.

ШҚО, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Түнде ШҚО-ның кей жерлерінде тұман түседі.