ШҚО-да жел екпіні күшейеді

376
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым аумағында желдің күшеюі күтіліп, солтүстік аудандарда тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Қостанай облысының солтүстік және шығысында, СҚО-ның солтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

ШҚО-ның бірқатар аудандарында желдің күші 15-23 м/с құрайды деп болжануда.