ШҚО-да жел екпіні күшейеді

236
көрілім

Солтүстік батыс циклоның ықпалымен еліміздің оңтүстігі мен шығысында қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстікте, шығыста жаяу бұрқасын соғып, оңтүстікте көктайғақ, тұман болады деп болжануда.

Күндіз республиканың солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с жаяу бұрқасын болады, оңтүстікте тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метр, батыс, солтүстік жартысында 23-28, кейде 30 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел соғуы күтіледі. Синоптиктер кейбір аудандарда қар жауып, бұрқасындатып, жолдарда көктайғақ болады деп болжауда.