ШҚО-да жел екпіні күшейеді

234
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады, боран соғып, жел күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың батысында антициклон әсерінен күн райы ашық болуы мүмкін.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғуы ықтимал, түнде таулы аудандарда жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз – 15-20 м/с, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с жетеді.

ШҚО-ның солтүстік жартысында жаяу боран соғады, жолдарда көктайғақ болып, батысында жел күшейіп, 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.