ШҚО-да жел екпіні күшейеді

320
көрілім

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Еліміздің қалған аймақтарында ауа ағындары бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейіп, оңтүстікте – шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Синоптиктер ШҚО, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжауда.