ШҚО-да жел екпіні күшейеді

339
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін елдің жекелеген өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ, екпінді жел, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ таулы аумақтарында тұман болжанады. Таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болады.

Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде жел 15-20 м/с жетеді. Өңірдің солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын жүреді.