ШҚО-да жел екпіні күшейеді

299
көрілім

Бүгін ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етуінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, республика бойынша кей жерде тұман түсуі ықтимал.

ШҚО-ның бірқатар аумақтарында жел жылдамдығы – 15-20 м/с-ге жетіп, түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі деп күтілуде.

Жамбыл, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.