ШҚО-да жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өкілдерінің тексерісінен 2 млрд теңге қаржы үнемделген

292
көрілім

Бұл туралы облыс орталығында өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғалар "Адал көмек" жобасының маңызын ерекше атап өтті. Яғни, тұрғындар санасына сыбайластықтың залалын жеткізу үшін волонтерлер де ерекше белсенділік танытқан. Ең бастысы, мониторингілік топ өкілдері қарқынды рейд жүргізулерін бір сәт те тоқтатпаған.

 - Жемқорлық әрекеттері республикалық деңгейдегі бірінші орынбасарлар мен шенеуніктерде де байқалды. Соңғы сегіз ай ішіндегі мониторингілік топ өкілдерінің іске араласуынан 2 млрд қаржы үнемделген. 71 жемқорлық фактісі тіркеліп, 52 адам жауапқа тартылды, - деп мәлімдеді ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департментінің басшылығы.