ШҚО-да жемқорлықтың алдын алу үшін 2000-ға жуық шара өткізілген

234
көрілім

Бұл туралы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Жігер Байділдин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, "Шығыс - Адалдық алаңы" өкілдерінің ұйымдастыруымен 2000-ға жуық алдын алу шарасы өткізілген. Жалпы, жемқорлыққа байланысты 1424 нөміріне хабарласу арқылы керек мәлімет алуға болады. "Саналы ұрпақ" бағдарламасы да студенттер үшін маңызды мәліметтерді жедел ұсынған.
- Осыған дейін де айтылғандай, "сыйлық алу" және "сыйлық беру" әрекеттері үшін көзделген жаза түрі өзгеріссіз. Яғни мониторингілік топ үздіксіз жұмыс істейді. Айталық, студенттердің арасында жемқорлықтың алдын алу бойынша "Үздік әлеуметтік бейнеролик" байқауы ұйымдастырылып, көшелер мен аялдамаларға оның зиянын түсіндіру үшін баннерлер ілінген, - деді Жігер Байділдин.