ШҚО-да «Жол картасы» бағдарламасы аясында үздік нәтиже көрсеткен төрт аудан аталды

308
көрілім

«AMANAT» партиясы ШҚО филиалының төрағасы, аймақ әкімі Даниал Ахметов және облыстық Саяси кеңес Бюросы өкілдерінің қатысуымен депутаттық фракцияның бірлескен жиналысы онлайн режимде өтті.
Аталған іс-шараға аумақтық филиалдардың төрағалары, аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, депутаттық фракциялардың басшылары, Шығыс Қазақстан облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ облыс басқармаларының басшылары қатысты.
«AMANAT» партиясының 2021 жылғы сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау қорытындылары бойынша сөз сөйлеушілер мониторинг және бақылау нәтижелерін талқылады. Жалпы, 2021 жылғы өңірлік сайлауалды бағдарламалардың орындалуына алдын ала жүргізілген талдау бойынша  2021 жылға жоспарланған 1095 іс-шараның 1016-ы (93%) орындалса, 79-ы  (7%) орындалу барысында екендігін  көрсетті.

Орындалған іс-шаралардың ең көп саны Абай ауданында (100%), Алтай ауданында (100%), Бесқарағай ауданында (100%), Катонқарағай ауданында (100%), Шемонаиха ауданында (83%) байқалады.

– Атап айтқанда, орындалған іс-шаралар шеңберінде Семей қаласында Ядролық медицина орталығы, Риддер қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бойынша цех, Шемонаиха ауданында Рулиха ауылында сүт-тауар фермасы, Өскемен қаласында 2 балабақша, Жарма ауданы Әуезов кентінде 1 мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Көкпекті ауданының Самар ауылында, Алтай ауданының  Серебрянск қаласында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Қоғамдық кеңестердің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Облыста олардың саны 167 (12 облыстық, 155 аудандық және қалалық). 2021 жылы 921 отырыс өткізіліп, 1,4 мыңнан астам мәселе қаралды, – делінген мәліметте.

2021 жылдың басынан бастап өңір бойынша фракциялардың 103 отырысы өткізілді, оның ішінде 27-де ғана орындалмау қаупі бар іс-шаралар қаралды.
Партияның облыстық филиалының төрағасы жемісті жұмысты атап өтіп, қоғамдық кеңестердің қызметін күшейтуді ұсынды. Жол карталарының индикаторларын орындамау тәуекелі бойынша мониторингті қамтамасыз ету тапсырылды. Депутаттық фракциялар отырыстарында проблемалық мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын қарастыру қажеттігін ерекше атап өтті.
Кеңесте депутаттық корпустың қоғамдық-саяси қызметтегі белсенділігі де атап өтілді. Жұмыс халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, ашық жүргізіледі. Қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, барлық деңгейдегі депутаттардың жұмысын тұрақты жетілдіру және қабылданатын шешімдер мен ұсыныстардың нәтижелілігін негізге алу қажеттігіне баса назар аударылды.