ШҚО-да жүк көлігі 15 жастағы қызды қағып кетіп, мерт қылды

233
көрілім

Қайғылы жол-көлік оқиғасы Глубокое ауданының Быструха ауылында болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– 27 қыркүйек күні сағат 21.00-де 41 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды қағып кетті. Қатты жарақат алған бұрымды жедел жәрдем көлігінде тіл тартпай кетті, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған жайтқа қатысты  ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.