ШҚО-да жұмысшы бір сағаттан аса үйіндінің астында қалған

350
көрілім

Алтай қаласында су құбырлары жүйесін жөндеуші мекеменің жұмысшысы үйіндіге көміліп қалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


24 маусым күні кешкі уақытта Орталық аудандық ауруханаға 1996 жылғы ер адам ауыр жағдайда жеткізілген.
– Зардап шегуші гипоксикалық кома жағдайында. Ұзақ уақыт үйіндінің астында жатып қалған, – деп хабарлады аурухананың бас дәрігерінің емдеу жөніндегі бойынша орынбасары Шамиль Назаров.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жұмысшыға қазылған жердегі жұмыстар кезінде үстіне топырақ үйіндісі құлаған.
Мамыр айынан бастап Алтай қаласында су құбырлары желісін жаңарту жұмыстары басталды. Оқиға бойынша жөндеу жұмыстарына жауапты мекеме әлі ақпарат берген жоқ. Оқыс оқиға орын алған жерде жұмыс тоқтатылды.