ШҚО-да жүргізуші бұлан қағып кетті

1346
көрілім

Бұлан Айналма жол тұсында көліктің астына түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Жеңіл көлік тізгіндеген 44 жастағы әйел аяқасты жолға атып шыққан бұланды қағып кеткен. Аталған жол-көлік оқиғасы барысында адамдар жарақаттан дін-аман. Бұлан оқиға орнында өлді, - делінген Өскемен қалалық полиция басқармасынының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Құқық қорғау органдары өкілдері жүргізушіге ешқандай әкімшілік жаза қарастырылмағандығын мәлімдеді.