ШҚО-да жыл басынан бері 96 жол-көлік оқиғасы адам өліміне әкелген

305
көрілім

Шығыс Қазақстанда полиция патрульдері көбейді. Тәртіп сақшыларының басты міндеті – жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыс аумағында бүгінгі таңда 587 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 96 жағдайда жолаушы мен жүргізушілердің опат болу фактілері анықталды. 820 оқиғада түрлі дене жарақаттарын алған.

Аса қауіпті саналған жол ережесін бұзу – мас күйінде көлік басқару мен жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кету жайттары. Статистикаға сүйенсек, 21-23 тамыз аралығында 45 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізіп, 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Қарсы бетке шығып кету бойынша 24 жүргізуші жарты жылға темір тұлпарды басқара алмайды.Онымен қоса, 460 оқиғада жаяу жүргіншілер өздері жол ережесін бұзған, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.