ШҚО-да жылыту бекеттері жұмысын бастады

337
көрілім

Облыс тасжолдарында жылыту бекеттері жұмысын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 медициналық-құтқару және 19 жылыту бекеті жолдың бойындағы қауіп күтілетін тұстарда жұмыс істейді. Медициналық-құтқару бекеттері жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Онда тәулік бойы 5 маман жұмыс істейді: дәрігер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы және жүргізуші. Жолда қандай да бір қиындыққа тап болған азаматтар да бекетке келіп көмек сұрай алады. 2019-2020 жылдардағы қыста 16 адамға медициналық көмек көрсетіліп, 27 адам эвакуацияланған.

Медициналық-құтқару бекеттері келесі жерлерде орналасқан: 1) Привольное бекеті – «Өскемен - Семей» тасжолының 85 шақырымындағы Ұлан ауданы, Привольное ауылының жанында;

2) «Жарма» бекеті – «Алматы-Өскемен» тасжолының 889 шақырымындағы Жарма ауданы, Аршалы ауылының маңында;

3) «Семеновка» бекеті – «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 634 шақырымындағы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылының тұсында;

4) «Семей» бекеті – «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 825 шақырымдағы Жарма ауданы Суықбұлақ ауылының қасында;

– Қыста жолға шығарда барлығын мұқият жоспарлап, кез-келген жағдайға дайын болғаныңыз жөн. Әр автокөлікте қиын жағдайда адам өмірін құтқаратын: жанармай оттығы, арқан, күрек сынды бірінші кезекте қажетті заттар болуы тиіс, – деп хабарлады ведомство өкілдері.