ШҚО-дағы 52 елді мекенде интернет желісі жақсартылады

414
көрілім

Өңірде мектеп жасындағы балалар тұратын 52 елді мекендегі интернет желісінің жылдамдығы жақсартылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы мақсатта жергілікті бюджет есебінен 136,6 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен тікелей эфир барысында білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жумадилова мәлім етті.

Оқушылар үшін «Балапан» және «Ел арна» телеарналары арқылы сабақтар ұйымдастырылуда. Телесабақтардың өтетін уақыты күн сайын білім басқармасының әлеуметтік желілерінен көруге болады.

– 647 мектептің 271-і балаларды қашықтан оқытуда. Олар цифрлық білім платформаларымен қамтамасыз етілген. 225 мектеп Оnline mektep.kz платформасына қосылды. 42 мектеп Daryn.online.kz платформасында, 2 мамандандырылған мектеп Edupage.kz жүйесін қолдануда. Жалпы платформалармен жұмыс істеу барысында ешқандай қиындықтар туындаған жоқ, - деді Сайрангүл Жумадилова.