Облыстағы агроөнеркәсіптік кешен жұмысы қалыпты жұмыс атқаруда. Алайда бірнеше аудан-қалалардың ауылшаруашылық саласы көңіл көншітпейді, деп хабарлайлы Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды. Агроөнеркәсіпте кенжелеп қалғандар қатарында Риддер, Семей қалалары, Күршім, Көкпекті, Катонқарағай аудандары бар.
Бұл ретте ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің макрокөрсеткіштерінің дамуы, өсімдік шаруашылығы даму көрсеткіші және малшаруашылығы мен қайта өңдеу көрсеткіштері назарға алынады.
Агроөнеркәсіптік кешен дамуының рейтингінде ең төменгі орынға Катонқарағай ауданы 100 балдан 39,9 баллмен орналасқан. Сол сияқты Семей қаласының ұпайы небәрі 40,6 баллды құрады. Ал үштікті түйіндеген Күршім, Көкпекті ауданы мен Риддер қаласы.
– ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудан әкімдері тиісті шараларды орындамайды. Осыдан соң мұндай көрсеткіштерге көз жеткіземіз. Рейтингтік мониторингтің жұмысы қайта қаралуы қажет. Бүгіннен бастап осы сұрақпен айналысатын арнайы комиссия құрылсын, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Данияр ЗАЙНЕЛОВ