ШҚО-дағы бірқатар тас жолдардың бойына қар ұстайтын қоршаулар орнатылады

641
көрілім
Фотосурет ses24.ru.
Өңіріміздегі жолдардың қыста үрлесін алып қалатын бөліктеріне қар ұстайтын қалқан орнату үшін үш жүз миллион теңгеден астам қаражат бөлінбек.

Ұлан, Күршім, Бородулиха, Жарма және Глубокое аудандарындағы облыстық маңыздағы тасжолдарға жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын стационарлы қар ұстайтын қалқаншалар орнатылып, 1,3 мың метрлік темір арқанды қоршаулар орнатылады, – деді баспасөз мәслихаты барысында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов. – Облыс жолдарын жайластыруға қазірдің өзінде 301 миллион теңге бөлініп қойған.