ШҚО-дағы Көгілдір бұғаз суында ішек таяқшасы бактерияларының нормасы 24 есе артқан

98
көрілім

Баршаға белгілі демалыс орнындағы жүргізілген тәуелсіз сараптаманың нәтижесі көпшіліктің үрейін тудырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


27 маусым күні Көгілдір бұғаз суындағы апаттық кәріз құбыры жарылып кеткен. Жергілікті тұрғындар суға ақылы түрдегі микробиологиялық тексеріс жүргізуге мәжбүр болды. Демалушылар білетін бұл аумақта бірнеше демалыс орындары орналасқан. Тексеріс жұмыстары төртінші шілде күні жасалып ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының ШҚ филиалымен зерттелді.
Сараптама нәтижесі адам шошытады. Бұғаз суының құрамында көп мөлшердегі ішек таяқшалары анықталған. Бұл микроағзалардың азық-түлік тағамдары мен су, топырақ құрамында табылуы судағы нәжіс мөлшерінің көптігінен. Суға түсу қоймаларында 1 литрге 1000 микроағзаның болуы қалыпты қатынас саналса, Көгілдір бұғаз суындағы сараптама жұмысы 24000 бактерия яғни 24 есе артық мөлшерді анықтады.