ШҚО-дағы көпқабатты үйлердің көбінің лифттері ескірген

38
көрілім

ШҚО ТЖД Өскемен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің лифттерінен 168 ереже бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта облыста 1600 лифт тіркелген болса, оның 837-сі Өскемен қаласында.

Лифттердің 60 пайызының пайдалану мерзімі өтіп кеткен.

Өскемен қаласында тексеру нәтижесіне сәйкес 168 ереже бұзушылық анықталды. Үш қызмет көрсету ұйымы мен төрт пәтер иелері кооперативі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар баспасөз қызметі. — Сондай-ақ бүгінгі күні 100 лифтінің меншік иелері жоқ және тиісінше оларға қызмет көрсетілмей келеді.