ШҚО-дағы қорық аумағында орналасқан фототұзаққа бірнеше жабайы жануар түскен

370
көрілім

Батыс-Алтай қорығының қызметкерлері қабан шошқа, қасқыр, бұлан сияқты жануарлардың фототұзаққа түсіп қалған суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Фототұзақтар биыл жаз мезгілінде жануарларды бақылау үшін орнатылған. Нәтижелер көп күттірмеді», - делінген қорықтың Инстаграм желісіндегі парақшасында.