ШҚО-дағы мыс өндіретін компанияның өндіріс көлемі 26 пайызға артты

544
көрілім

KAZ Minerals Тобының осы жылдың 9 айындағы көрсеткіші жария етілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

Компанияның мыс өндірісі тоғыз айда 26%-ға артып, 282 мың тоннаға жетті. Ақтоғайдың екінші сульфидті фабрикасында өндірісті ұлғайту, бірінші сульфидті фабрика мен оксид зауытының өнімділіктерінің артуы жыл басынан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Ақтоғайдағы мыс өндірісін 64%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Өндіріс көлемі 168 мың тоннаны құрады.

Кенді қайта өңдеу көлемі барынша арттырылмақ және осы тоқсанда барлық кәсіпорындарда өнімділік пен мыс өндірісі артты. Үшінші тоқсанда Бозшакөлдегі екі фабрика да жобалық қуаттынан аса жұмыс істеді және ондағы процестерді жетілдірудің арқасында олар жыл бойындағы жобалық қуаттынан асуы мүмкін.

129 мың унция көлеміндегі алтын өндірісі 2021 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2%-ға артық. Оған себеп - кенді қайта өңдеу көлемінің және қайта өңделген кендегі алтын үлесінің артуы есебінен Бозшакөлдегі өнімділік өсті.

Мысты сату көлемі өткен тоғыз айдағы өндіріс көлеміне сәйкес келеді, бірақ үшінші тоқсандағы өндіріс көлемінен 9% аз. Өйткені Ақтоғайдағы өндіріс көлемі күткеннен асып түсті. Төртінші тоқсанда Топтың жинақталған дайын өнім қоры азайып, 2023 жылы толығымен сатылады деп жоспарланған.

- 2022 жылдың өткен тоғыз айында KAZ Minerals тамаша өндірістік нәтижелерге жетті - мыс өндіру көлемі 26%-ға артты. Ақтоғайдағы екінші сульфидті кен байыту фабрикасында өндірісті ұлғайту өндірісімізді айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік берді. Топ кәсіпорындарында мыс өндірісін барынша арттыру үшін өткізу қабілетін жақсарту жалғасып жатыр, - KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам.