ШҚО-дағы онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

92
көрілім
ашық дереккөзден

30 наурыз күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында ішектің және әйел жыныс саласының қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Бұл күні сіз терапевттен  жолдамасыз  және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталық мамандарының кеңесін ала аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Мекен-жайы: Потанин к-сі, 6, 1 корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана).


Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады:
+7(7232)48-91-51, +77780037845.