ШҚО-дағы тау өзендеріне су деңгейі көтерілуі мүмкін

297
көрілім
Шартты фотосурет

Алдағы екі күнде Шығыс Қазақстан облысында өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

- 22-23 мамыр күндері жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысында беткейлі ағын қалыптасып, тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі ықтимал, делінген хабарламада.