ШҚО-дан Ресейге пойыз бен автобус уақытша қатынамайды

274
көрілім

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысынан Ресей мен Қытайға қатынайтын автобустар мен поездар уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы ШҚО Аймақтық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты.

- Өскемен-Мәскеу», «Өскемен-Новосібір», «Ташкент-Новосібір», «Алматы-Новосібір», «Бішкек-Новосібір», «Томск-Риддер» бағыттарындағы жолаушылар қатынасы тоқтатылады. Сондай-ақ «S7» авиакомпаниясының мәліметінше, осы жылдың 31 мамырына дейін әуе рейстеріне уақытша шектеу қойылған. Ал билет алып қойған жолаушыларға ақшалары қайтарылып беріледі, - деді ол.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы 4 әуежай, 21 теміржол стансасы, үш автовокзал, 10 автостанса мен жолаушыларға қызмет көрсететін 12 пунктте күніне үш рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.