ШҚО-дан жылына он мыңдаған науқас Оңтүстік Кореяға барып емделеді

323
көрілім

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық одан ары нығаюда. Әсіресе медицина саласы қарқындап дамуда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Кореялық дәрігерлерден қазақстандық мамандардың үйренетіні көп. Сондықтан екі ел арасындағы медицина саласына жіті назар аударылған.
Мәліметтерге сүйенсек, омыртқа, буын аурулары, жүйке жүйелері ауруларына байланысты қазақстандық науқастар кореялық ақ халаттыларға көмекке жүгінуге мәжбүр. Алайда соңғы жылдары отандық дәрігерлер бұл мәселенің де шешімін тауып, республикадағы ауруханаларда емдеп жүр.
Кореялық мамандардың айтуынша, екі ел арасында ынтымақтастық орнатқаннан бері Қазақстанға 35 мың оңтүстіккореялық сапар шеккен. Ал қазақстандықтардың Кореяға бару үлесі 50 мыңды құрады. Бірақ жартысынан көбі жұмыс, саяхаттау мақсатымен емес, емделу үшін барған.
– Оңтүстік Кореялық дәрігерлер отандық медицина ғалымдарымен тығыз байланыста. Кейінгі уақытта шығыс медицинасына қарап, дәстүрлі қазақ халқының медицинасын дамытудамыз. Алдағы уақытта да арамыздағы достықты үзбейміз деп сенемін, – деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхаммеджан.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ