ШҚО-ға Абай мұрасын суреттеу үшін сегіз елдің суретшілері келеді

331
көрілім

2020 жылдың жазында ұлы Абайдың туған жерінде суретшілердің халықаралық пленэры өтеді.

Аталған іс-шараның өткізілуі туралы ақпаратты облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндамасында айтылды.
Пленэр Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылады. Германия, Франция, Түркия, Моңғолия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Грузия, Ресей мемлекеттерінен 20 қылқалам шебері келеді деп күтілуде. Оған қазақстандық суретшілер де қатысады.
Қатысушылар хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты киелі жерлерді тамашалауға қатысады. Олар Абайдың туған жері Жидебайды, Қоңыр Әулие үңгірі, Әйгерім бұлағы, Еңлік-Кебек кесенесі мен Кеңгірбай би мазарын тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Ашық аспан астында облыстық көркемсурет мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы облыстық мұражайдың қорын толықтыратын 100-ге жуық өнер туындысы құрылу керек. Бұл жұмыстардың каталогы 1000 дана таралыммен шығарылады.