ШҚО-ға аяз қайта оралды

383
көрілім

Бүгін ауа температурасының төмендеуі салдарынан Алтай қаласының 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

29 қараша күні Алтай қаласында ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша минус 29 градусты көрсетті. Сондықтан бірінші ауысымның бастауыш сыныптары үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өскеменде қатты аяздың ызғары сезілмегенмен қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) байқалады. Бұл туралы «Қазгидромет» сайтында хабарлады.

Сонымен қатар 27 қараша күні де қалада ауаның ластануы туралы мәліметтер келтірілген. Бұл күні арнайы аппарат Толстой көшесі, 18 үйде күкірт сутегі бірреттік ШРК-ден 1-1,5 есе асып түскендігін көрсетті.