ШҚО-ға «Денсаулық» пойызы келеді

286
көрілім
Фотосурет otyrar.kz сайтынан

Өңіріміздің аудан, қалаларына медицина мамандары қызмет көрсететін ерекше пойыз келмек.

Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының шалғай орналасқан теміржол станцияларына барып медициналық қызмет түрлерін көрсететін "Денсаулық" пойызы жолға шықты. Теміржол көлігі 21 желтоқсанға дейін жолда болмақ, - деп хабарлады Әлеуметтік сақтандыру қорындағылар.

Пойыз Шығыс Қазақстанға мамыр айының соңына қарай келеді: 24 мамыр күні — Жарма станциясына, 25 мамырда — Жаңғызтөбеге, 24 мамырда — Предгорное, 27 мамыр күні- Тишинскиге, 28 мамырда — Черемшанкаға, 29 мамырда — Огневкаға, 30 мамырда — Алтай қаласына, 31 мамырда — Тұрғысынға тоқтайды.

Медициналық көмек көрсетуші мамандар ішінде — терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, отоларинголог, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, онколог мамандармен қатар түрлі зерттеулер мен тексерулер (УДЗ, қан талдауы, флюорография және т.б.) жүргізіліп, жеңіл-желпі хирургиялық оталар да жасалады.

Сонымен қатар өңірлерге медицина қызметкерлерімен қатар Қор мамандары да бірге шығып, тұрғындар арасында міндетті медициналық сақтандыру жайынан хабардар етеді.